БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ЕМДЕДІ
«Менің Қазақстаным» пойызы құрамындағы 20 білікті дәрігер-мамандар аудандық емханада пациенттерді қабылдады.
Білікті дәрігерлердің мәлімдеуінше, Арал ауданында денсаулық сақтау саласы жақсы дамығанын, әсіресе дәрігерлердің құрамын баса айтты. Көп жерлерде жетіспейтін кардиолог, көз дәрігерлері, соның ішінде балалар көз дәрігерінің ауданымызда жұмыс жасауы медицина саласының жақсы жолға қойылғандығын көрсететінін айтты. «Менің Қазақстаным» пойызы құрамында келген дәрігерлер Астана мен Алматы қалаларындағы ғылыми зерттеу орталықтары мен институттарының білікті мамандары, медицина ғылымдарының докторлары мен доценттері. Ірі қалалардан келген білікті дәрігерлермен өзіміздің аудандық емхана дәрігерлері тәжірибе алмасып, олардың жұмыс жасау схемаларымен танысты.