"МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" ПОЙЫЗЫ АРАЛ АУДАНЫНДА
Бүгін "Арал теңізі" теміржол вокзалында аудан халқы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" үгіт-насихат пойызын күтіп алды.
Қонақтарды аудан әкімі бастаған топ және ардагер ағалар қарсы алып, өңір басшысы Абзал Мұхимов меймандарға оң сапар тіледі.
"Биылғы Қазақстан халқы ассамблеясы жылына байланысты шыққан мерекелік пойыздың ауданға келуін аралдықтар болып зор ықыласпен күттік. Өйткені ел бірлігі – барша қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Елбасымыз айтқандай, «Біз – тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз!».Еліміздегі халықтар бірлігі қарсаңында келген қадамдарыңызға нұр жаусын! Қазақстан халқының Ассамблеясы жылына орай киелі Арал өңіріне қош келдіңіздер!" - деп игі тілегін білдірді.
- "Бірлік пен ынтымақты қазақ халқы - ең қымбат қазына деп қастерлеген. Сондықтан да біз біріншіден Сыр өңіріне Қазақстан халқы Ассамблеясын насихаттауға, екіншіден пойыздағы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін мүшелер болып Арал халқына қызмет етуге келдік" - деді үгіт пойызының директоры Ғазиз Төлебаев.