ОСК ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАН ТАҒЫ 101 БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ
2015 жылғы 3 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша үш халықаралық ұйым мен тоғыз шет мемлекеттен 101 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 74-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 1-еуі – ШЫҰ-нан байқаушылар Миссиясынан, 7-еуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ төрт байқаушы – Америка Құрама Штаттарынан, үшеуден – Испания Корольдігі мен Молдова Республикасынан, екеуден – Малайзиядан, Польша Республикасы мен Италия Республикасынан, бір-бірден – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Франция Республикасы мен Бельгия Корольдігінен.
Осылайша, 2015 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі) мен 27 шет мемлекеттен 337 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі