ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ
30 наурызда Үкіметтің бекіткен қаулысымен әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін қайта қарады. Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 түрінің бағасын ұстап тұру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшиев мәлімдеді.
«Меморандум бойынша тұтынушылар үшін қолжетімді әлеуметтік медициналық дәрілердің тізімінен 117 дана дәрісін тиімді түрлеріне ауыстырдық. Біз ай сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар тізімдегі дәрілік заттардың бағасының тұрақтылығы бойынша рейдтер ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні облысымызда 200-ден аса дәріханалар бар», - деді С.Рахманшиев.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғалия Бәйменованың мәлімдеуінше, дәрігердің рецепті бойынша берілетін тегін дәрі-дәрмектің тізімінде 48 аурудың түріне 400-ден астам дәрі-дәрмектер бар. Соның ішінде демікпе, пневмония, қант диабеті сияқты ауру түрлеріне алатын тегін дәрі алатын адамдардың жасына шектеу ұзартылды.
Шынар БЕКБАН
Шынар БЕКБАН