АҚОРДАДА ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің өкілдерімен кездесті. Онда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне дайындық мәселелері талқыланды.
Жүздесу барысында Мемлекеттік хатшы Ұлы Отан соғысына 1 миллион 200 мың қазақстандықтардың қатысқанын еске салып, жүздеген жерлестеріміз ұрыстағы ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталғанын, 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанғанын айтып өтті. 110 адам үшінші дәрежелі Даңқ орденімен наградталған. Осы соғыстан 630 мыңнан астам қазақстандық елге оралмады, яғни майданға аттанған әрбір екінші қазақстандық жеңіс жолында өзін құрбан етті.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы Қазақстанда 4 776 соғыс ардагері мен 192 мың 980 тыл еңбеккерлері тұрып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» бірлестігі Орталық Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбай мерейтой жылында жоспарланған шаралар туралы баяндаса, мемлекеттік орган өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік материалдық және медициналық көмектер көрсету жайы туралы әңгімеледі.