ОБЛЫСЫМЫЗДА ГЕОЛОГ МАМАНДАРЫ ТАПШЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шаһизад Қалбергенов брифинг өткізді.
Өткен жылдың қорытындысымен облыс аймағындағы мұнай-газ кен орындарынан 9858,6 мың тонна мұнай және 1,466 млн.м3 газ өндірілді.
- Жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі принциптердің бірі, ол өндірілген пайдалы қазбаларды тиімті пайдалану. Алайда жер қойнауын пайдаланушыларда әр түрлі себептермен өндірілген пайдалы қазбаларды тиімсіз пайдалануға жол берілуде. Ол негізінен мұнай-газ кен орындарынан өндірілген ілеспе газды нормативтен тыс немесе рұқсатсыз жағу. Өткен жылдың қорытындысымен ілеспе газды заң талаптарын бұза отырып шырақтарда жағу деректері бойынша мемлекет пайдасына 206 205,000 мың теңге көлемінде залал өндірілді. Биыл жылдың басынан бері тағы да 25 818,0 мың теңге көлемінде өсті, - деді инспекция басшысы. - Облыс халқына Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсай кен орнының өндірістік игеруге қосылуы жақсы жаңалық болғаны, рас. Бұл кен орнынан өндірілген газ Қызылорда облысы халқының тұтынуына бағытталып отыр.
Соған қарамастан, бүгінгі таңда облысымызда геолог мамандары тапшы. Барлық жас мамандар Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы уран өндіру мекемелерінде жұмыс істеп жүр. Дегенмен алдағы уақытта Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде геолог мамандығына мемлекеттік грант негізін көптеп енгізу жоспарлануда.
Шынар БЕКБАН