АРАЛ ҚАЛАСЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазіргі таңда Арал ауданында газдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімінің ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде телекөпір арқылы бұл ауданда газдандыру жұмысы басталған болатын.
Жалпы құбырдың ұзындығы және жұмыс көлемі - 297 шақырым. Құрылыс жұмыстарына 16-экскаватор, 2-шағын погрузчик, 4-манипулятор, 2-камаз, 7-жеңіл көліктер тартылған. Қазіргі таңда 1,5 шақырым жер қазылып, труба қою жұмыстары жүргізілуде. Нысан басында 3 бригада құрылған, онда 60 азамат жұмыс жасауда. Жұмысшылар жергілікті жердің жұмыссыз азаматтары қатарынан алынған.Белгіленген кесте бойынша осы жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде.Облыс әкімі Қ.Көшербаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында газдандыру жұмысымен танысып, құрылысты сапалы әрі жылу маусымы басталарға дейін аяқтауды тапсырды.