ШАҒАНДЫҚ ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ
Шаған ауылдық мәдениет үйі жанынан 2002 жылы құрылған «Сыр гүлі» би тобы жетекшісі Шаған ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Г.Раймбекова және көркемсөз оқуының жас шебері атанған 6 жасар Жәнібекұлы Дидар үстіміздегі жылдың 24-28 наурыз аралығында Астана қаласында өткен ІХ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы конкурс-фестивалінде жоғарғы биіктен көрініп өз өнерлерін көрсетіп қайтты.
Байқау талабына сәйкес «Сыр гүлі» би тобы би жанры бойынша үздік өнер көрсетіп жоғарғы І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталып, жас бүлдіршініміз Жәнібекұлы Дидар қазылар алқасын тамсантып І дәрежелі дипломды медальмен, шағын естелік сыйлығымен марапатталды. Жетекшісі Гүлзира Раймбекова «Үлгілі оқытушы» номинациясын иемденсе, оқушыларды бастап барған Шаған ауылдық мәдениет үйі директоры Ербол Медет ұйымдастырушы алқасының Алғыс хатымен марапатталды.
Балалардың барып өнер көрсетіп қайтуына демеушілеріміз – облыстық маслихат депутаты А. Ералиев, аудандық маслихат депутаты, «Шаған-жер» ЖШС төрағасы Б.Қадыров, жеке кәсіпкер Б.Жаңабергенов ағаларымыз қаржылай көмек көрсетті.