ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 11383 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үйлер ауласының қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіз аула» принципі бойынша енгізілген интеллектуалды жүйелер қылмысқа қарсы күрестің тиімді қазығы болып табылады.
Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан.
Жедел басқару орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2015 жылдың 3 айында облыс орталығында орналасқан бейнекамералардың көмегімен барлығы 73 қылмыстың беті ашылса, есепті мерзімде анықталған құқық бұзушылықтың саны 11383-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген.
Нақтыласақ, жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша – 9689, қоғамдық орында мас күйінде жүру дерегі бойынша – 759, ұсақ бұзақылықтар – 868, басқа да құқық бұзушылықтар бойынша дерегі – 38 құқық бұзушылық анықталған.
Құқықтық сана-сезімді қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен атқарылатын қарқынды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі