ІСКЕРЛІК КЕЛІСІМ НЫҒАЯ ТҮСУДЕ
Өткен айдың аяғында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары және 5 шаруашылық төрағалары бар қызылордалық делегаттар Қытай Халық Республикасы СУАР провинциясының орталығы Үрімші қаласында өткен ІІ Халықаралық Еуразиялық ауылшаруашылығы технологиялары мен жабдықтарының көрме семинарына және І Халықаралық ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысып қайтты.
Көрме аясында екі жақты келісім-шарттарға қол қойылып, Қытай елімен көрмеге қатысушы елдердің компаниялары арасында іскерлік келісімге келуі арқылы ниет білдіру шаралары өткізілді.
Бұл шара барысында Суар провинциясының «Хинхуа Скай Камел Биологи Технологии Деволопмент ЛТД» компаниясымен Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқарма арасында түйе сүтін ұнтақ күйінде қаптамада шығару жөнінде біріккен кәсіпорын ашу жөнінде ниет білдіру хаттамасына қол қойылды.
Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасайтын шаруашылықтармен толық бизнес жоспар әзірленіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық күшейетін болады.