ӨТКЕН ЖЫЛЫ ОБЛЫС БОЙЫНША КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТАРИФТЕРІ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ
Өткен жылы облыс бойынша коммуналдық қызметтердің тарифтері, жылумен жабдықтау қызметімен айналысатын үш субъектінің тарифтерін қоспағанда өзгеріссіз қалдырылды. Мәселен, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК тұрғындарға 8 пайызға тарифті өсіріп, 1 шаршы метр үшін төлемақысын 85,10 теңгені құрады. Одан басқа сатып алынатын электр қуатын «Кегок» АҚ-ның желілері арқылы электр энергиясын 10 ,7 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендетті.
Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Пірімов бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Департамент басшысы өткен жылғы қызметтің қорытындылары мен биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар мен негізгі міндеттер туралы ақпарат берді. Н.Пірімовтың хабарлауынша, заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу аясында бақылаудың өзге нысандары арқылы 30 заң бұзушылықтар анықталып, департаментпен жалпы сомасы 130,5 млн теңгеге айыппұлдар өндірілді.
Департаментпен нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету және шикізат, материалдар, отын және энергия шығысының нормаларын оңтайландыру жұмыстары бойынша экономикалық тиімділігі 64,3 млн теңгені, ал электр энергиясы үшін тұтынушылардың үнемделген қаражаты 59 млн теңге, ал сұйытылған газ тарифтері бойынша 432,8 млн теңгені құрады.
«2014 жылы 14 тауар нарығына талдау және талдау шолуы, оның ішінде отын-энергетикалық кешені, көлік, телеқатынас, өнеркәсіп, азық-түлік тауарлары және басқа да сала бойынша жүргізілді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінен шығару және енгізу туралы ұсыныстар беріліп, осыған сәйкес 4 субъекті тізілімге енгізіліп, 3 убъекті тізілімнен шығарылды», - деді департамент басшысы.
Шынар БЕКБАН