1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒЫ ДА 25 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТТЫРЫЛУЫ КҮТІЛУДЕ
Елбасының "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты Жолдауында айтылғандай, барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылды. Осыған байланысты «2015-2017 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес департаментпен биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға, жәрдемақылар 7 пайызға арттырылды. Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Төреахмет Жолымбетов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте хабарлады.
- Сондай-ақ, биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері тағы да 25 пайызға дейін арттырылуы күтілуде, - деді департамент басшысы.
Айта кету керек, бүгінгі күні 2015 жылдың қаңтарынан бастап ең жоғарғы зейнетақының мөлшері базалық зейнетақыны қоса есептегенде 72128 теңгені, орташа зейнетақы 52300 теңгені және ең төменгі зейнетақы мөлшері 34874 теңгені құрап отыр.
Шынар БЕКБАН