ӘСКЕРИ ПАРАДҚА 180-НЕН АСА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚАТЫСАДЫ
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өтетін әскерлер парадына ерекше көрік береді. Әскери парад үшін жалпы саны 186 қыз-келіншек іріктеліп алынды, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, олардың ішінде 32 әскери қызметші санитарлық нұсқаушы формасын киіп, парадтың ҰОС кезеңіндегі тарихи бөліміндегі рота құрамында болса, ал қалған 154 әскери қызметші парадтың қазіргі заманғы бөлімінде алаңда қазақстандық әскери жоғарғы оқу орындарының курсанттарынан кейін жеке жаяу саппен адымдайтын болады.
Әскери қыз-келіншектер Қазақстанның төрт өңірлік қолбасшылығынан, Қарулы Күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдерінен, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратынан жиналған. Осы уақытқа дейін әскери қызметшілер жеке-жеке жаттықты. Олар жергілікті жерлерде саптық жарғыға сәйкес сап құрамында бірыңғай қарқын мен ырғақты, сап түзулігін сақтай отырып, жинақы және серпінді адымдауға дайындалды. Қазір олар бір лекте бірлескен жаттығуға кірісуге дайын.