АМАНӨТКЕЛ АУЫЛЫНДА ПЛАСТИК ТЕРЕЗЕ, ЕСІК ЖАСАЛАДЫ
Кәсіпкерлік саласы ауылда да дамуда. Арал ауданы Аманөткел ауылында жеке кәсіпкер Е.Бөгенбаев екі жыл бұрын пластик терезе, есік шығаратын цех ашты. Қазіргі таңда 300 дана есік, терезе жасап, ауыл сұранысын қанағаттандырып отыр. Кәсіпкер көрші ауылдардан да тапсырыстың артып келе жатқанын айтады.
Ауданға іссапармен келген облыс әкімі Қ.Көшербаев цех жұмысымен танысып, кәсіпкерге сәттілік тіледі. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар екендігін айтып, сол арқылы кәсібін ұлғайтуға болатынын жеткізді. Аталған кәсіп иесі бұған дейін мемлекет тарапынан ешқандай қаржы алмаған. Яғни, кәсібін өз қаражаты есебінен бастаған.