ҰЛТТЫҚ БАНК "ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ" ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРЫН ШЫҒАРДЫ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған рroоf сапалы күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған "Ұлы Жеңіске 70 жыл" ескерткіш монетасы айналымға шықты, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, монетаның бет жағындағы жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі "Қазақстан Ұлттық банкі" жазбасының қоршауында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 теңге" деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның сырт жағында Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін "1945" деген дата мен монетаның соғылған жылын білдіретін "2015" деген дата орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "Ұлы Жеңіске 70 жыл" және орыс тілінде "70 лет Великой Победе" деген жазба бар, жиектері шығыңқы.
"Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры бедерлі. Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы - 24 грамм, диаметрі - 37 миллиметр, дайындау сапасы - proof, таралымы - 7 мың дана", - делінген хабарламада.
Ал, нейзильбер қоспасынан жасалған "Ұлы Жеңіске 70 жыл" монетасының бет жағындағы жоғары бөлігінде Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "50 теңге" деген жазба орналасқан.
Айта кетейік, монеталар "нейзильбер" қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 миллиметр, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мың дана. Номиналдық құны 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.