БИЫЛ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде күніне 100 адам қабылдайтын емхана құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі.
Қазір жұмыс жасап тұрған емхананың әбден тозығы жеткен. Кенттегі халықтың саны да жыл өткен сайын артып келеді. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында өткен жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, емхананың құрылысы басталды.
Қазір ғимараттың бірінші қабатының құрылысы аяқталып, төбесінің плиталары жабылып болды. Құрылысшылар екінші қабаттың жұмыстарына кірісті. Құрылыс алаңында тұрғындармен жүздескен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Сыр өңірінде атқарылып жатқан жетістіктер көп екендігін, десек те тоқмейілсуге болмайтындығын жеткізді және мердігерге нысанды мерзімінде, сапалы аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.
Сондай-ақ, кентте жеке кәсіпкердің қаржысына «Достар» кешені салынуда. Қос қабаттан тұратын ғимаратта 100 адамға арналған асхана, 500 орындық мейрамхана және супермаркеттер болады. Қосымша ғимаратта сауда-саттық жасауға ынталы адамдарға бөлме жайлар берілетін болады. Толықтай біткенде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кешенді Жеңіс мерекесі қарсаңында іске қосу жоспарланып отыр.