2 СӘУІРДЕ СЫР БОЙЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстан территориясы ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстікте және шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, шаңды дауыл болып, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 16-21 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.