САЙЛАУ НАУҚАНЫМЕН АҚПАРАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТҰРАҚТЫ
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлау науқанын кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңінде жария ету бойынша БАҚ материалдарына мониторинг жүргізудің қорытындыларын жасады.
Мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды.
Әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 бетін, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitterдегі өзекті хештегтер лентасындағы жаңартуларды қамтыды.
2015 жылғы 25 ақпаннан 25 наурызға дейінгі кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тар сайлау тақырыбы жөнінде 10990 материал жариялады. Республикалық телеарналарда эфирге 1473 сюжет (21%), газеттерде 731 мақала (10%), ал интернет-ресурстарда 4850 жарияланым (69%) орналастарылды.
Өңірлік БАҚ-тарда жалпы алғанда сайлауға байланысты 3936 материал жарияланды. Олардың ішінде 1582 сюжет (40%) телеарналар эфиріне шықты, 1637 (42% ) баспа басылымдарында жарияланды және 717 (18%) материал интернет-ресурстарда орналастырылды.
Ақпараттық белсенділік тұрақты болды, бұл тұрақты өзекті ақпараттық себептердің болуымен түсіндіріледі. Күткендей, БАҚ-тар сайлауды тағайындау процесін жария етуге, Ортсайлаукомның сайлау науқанының негізгі кезеңдерін өткізу мерзімдерінің күнтізбелік жоспарын бекітуіне, сондай-ақ кандидаттарды ұсынудың басталуына аса назар бөлді. Бұл тақырыптарға 1200-ге жуық жарияланған материалдар арналған.
Бұқаралық ақпарат құралдары лингвистикалық комиссияның қызметіне және Президенттікке ұсынылған үміткерлердің Президенттікке кандидаттарға қойылатын Конституция мен сайлау туралы заңның талаптарына сәйкестігін анықтау процесіне белсенді қызығушылық танытты. Сондай-ақ 1200-ден астам материал сайлау науқанының бұл кезеңін жария етті. Олардың үштен бірінен астамы өңірлік БАҚ-тарда жарияланғанын атап өту маңызды.
Кандидаттарды қолдап қол жинау рәсіміне, олардың растығын тексеру және ұсыну қорытындыларына қазақстандық масс-медиа, жалпы алғанда 800-ден сәл жоғары материал арнап, аз қызығушылық танытты. Бұл ретте олардың жартысынан көбі интернет-ресурстарда орналастырылған.
Президенттікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлауалды үгітті жүргізу тәртібі мен шарттары туралы БАҚ-тар 400-ге жуық жарияланған материалдарда баяндады.
Алайда, қазақстандық БАҚ-тарда жария етілген алдағы сайлауға байланысты тақырыптардың шеңбері анағұрлым кең болды. Әсіресе бұл интернет-кеңістікке қатысты.
Жалпы, сайлау тағайындалған кезден бастап бұқаралық ақпарат құралдары оны жария ету процесіне ақпараттық алаңды сайлау процесі, сайлау рәсімдері мен кандидаттар туралы материалдармен толтырып, белсенді кірісті деп тұжырымдауға болады.
Осылайша, сайлаушыларға сайлау науқанын жүргізу мерзімдері, кезеңдері және барысы туралы толық, рас және объективті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі берілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі