ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН ҰСТАП ТҰРУДЫ КӨЗДЕЙТІН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
ҚР ДСӘДМ мен Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандум жасасты, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтар басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 түрінің бағасын ұстап тұру бойынша меморандумға қол қойды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер мен дәкелердің бағасы көтерілмейді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыда көрсетілген құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Зурият Сыбанқұлова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды.
Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады.