ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША БЕСІНШІ ОРЫНДА
Бүгінгі таңда осы жылдың 1 қаңтарына қызылордалықтардың жалпы саны 753 мың адамды құрап отыр, яғни облыс халқының саны 27 пайызға өсті немесе 160 адамға көбейді. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады.
Өткен жылы облыста 20562 нәресте дүниеге келіп, 4556 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, өзіне қол жұмсаудың 42 жағдайы тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе азайғаны байқалады. 2000 жылдан бастап облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артуда. 2013 жылы облыстағы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жетпіс жасты құрады, яғни 13 жылдың ішінде алты жасқа дерлік өскен.
Айта кету керек, Қызылорда облысы аймақтар арасында туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстары мен Астана қаласынан кейінгі бесінші орында.
Шынар БЕКБАН