«ITYS» МЕССЕНДЖЕРІН ТҰТЫНУШЫЛАР САНЫ 150 МЫҢНАН АСТЫ
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында отандық «Айтыс» (iTys) қазақстандық мессенджері жобасының жетекшісі Дәуіт Шайхисламов «iTys» мессенджерін тұтынушылар саны 150 мыңнан асты деп, «Бақ.кз» тілшісіне мәлімдеді.
Ең алдымен атап өтетініміз, «iTys» мобильдік қосымшасы тұтынушыларға мемлекеттік тілде толыққанды хат-хабар алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әлемнің әр қиырындағы барша қазақстандықтарды біріктіруді көздейді. Бұл «iTys» өнімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді қарқынды дамытудың басты бағдары ретінде айқындаған инновациялық жобаларының қатарына жатады. Ал енді осындай жарқын отандық жоба.
Естеріңізге сала кетейік, «Айтыс» (iTys) қазақстандық мессенджерінің тұсаукесері 2014 жылғы 19 қарашада өткізіліп, Android платформасына ғана бейімделген болатын.
- Ал енді бүгінгі таңда тұңғыш қазақстандық мессенджер iOS платформасына шығарылып отыр. Оны AppStore мен www.itys.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады. Бірнеше айдың ішінде «iTys» мессенджерін ұялы телефондарына жүктеп алған тұтынушылар саны 150 000-нан асты, олардың қатарында тек Қазақстан тұрғындары ғана емес, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия, Франция және Жапония елінің азаматтары да бар, - деді жоба жетекшісі Дәуіт Шайхисламов.
Мұның алдында да БАҚ беттерінде мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін «iTys» қосымшасын қазақстандықтар зор ризашылықпен қабылдаған еді. Ендігі жерде бұл ұлттық жоба тілімізді, ел мәдениетін және қазақстандық IT-технологияны жетілдіруге ықылас білдірген тұтынушыларды біріктіруші күшке айналды деуге болады.
«iTys» Қазақстанда, әсіресе жастар арасында ерекше танымал байланыс түріне айналды. Еліміздегі iTys-ты қолданушылар күн сайын үш миллионнан астан хабарлама жіберіп, мультимедиялық файлдар алмасып отырады. Бұл қосымша барша қазақстандықтардың, сондай-ақ шетелдіктердің де қолдауына ие болды, оған қатысты оң пікірлер айтылуда. «iTys» командасы барлық келіп түскен пікірлер мен тілектерді назардан тыс қалдырмайды. Біз www.itys.kz сайтын барынша қолайлы етуге және қызмет түрін көбейтуге тырысудамыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздің кез келген азаматы сайттың халықтық дауыс беру парақшасы арқылы «iTys» командасының қатысушысына айналу мүмкіндігіне ие, - деп толықтырды өз мәлімдемесін жоба жетекшісі.
iPhone және iPad құрылғыларына орнатылатын мессенджердің қазақша клавиатурасы да қолайлы, орыс және ағылшын әріптеріне көздері үйренген тұтынушылар енді қазақ әліпбиін де еркін пайдалана алады.