АЙДАР ӘРІПХАНОВ "ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП" КОМПАНИЯСЫНА УАҚЫТША БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы компаниясының уақытша міндетін атқарушы болып осыған дейін басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып келген Айдар Әріпханов тағайындалды, - деп хабарлайды "31 арна".
Мұндай шешім өткен күні кеште "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды.
Осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметі 26 наурызда Пекин уақыты бойынша 14.30-да "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровтың Қытайда қайтыс болғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған. 2015 жылдың 30 наурызында Нұрлан Қаппаров 45 жасқа толар еді.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, Айдар Әріпханов 1974 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын үздік болып аяқтаған. 2008 жылы Колумбия университетінде мемлекеттік басқару бойынша магистр дәрежесін алды.
1996-2004 жылдар аралығында Айдар Әріпханов бақылаушы-тексеруші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директорының орынбасары. 2004-2006 жылы ҚР қаржы вице-министрі болды. 2006 жылы Айдар Әріпханов ҚР премьер-министрінің кеңсе басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2006 жыл мен 2007 жылдары ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2009 жылы Айдар Әріпханов ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. 2009-2010 жыл аралығында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, 2010-2011 жылдары "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры болды. 2011 жылдың мамыр айынан бері Айдар Әріпханов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып келді.