ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ МӘРТЕБЕЛІ ОРЫН ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Ағымдағы жылғы наурыз айының соңында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінде Комитет төрағасының орынбасары өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ. Әубәкіровтің төрағалығымен «2015 жылғы үздік өрт сөндіру бөлімі» VI республикалық байқау-конкурсы өтті. Сайыста Республиканың бетке ұстар өрт бөлімдері бақ сынасты.
Конкурсқа қатысушылар қызмет саласы бойынша нормативтік – құқықтық актілерден және өрт - құтқару дайындығы жаттығулары бойынша тест тапсырды.
Облыстық конкурс комиссиясы конкурстың бірінші кезенінде әрбір өрт сөндіру бөлімдерінің бірнеше белгілері бойынша – бөлім ғимараттарының сыртқы жағдайына, бөлім ауласына, техникалық жабдықтарына, сонымен қатар, жеке құрамның кәсіби дайындықтары мен жедел қызметтік көрсеткіштеріне баға берді. Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеңімпаз деп танылды. Конкурстың соның бөлігі Астана қаласында өтті.
Республикалық жарыстың комиссия мүшелері барлық қатысушылардың реферат, фотосурет, бейнематериалдарымен танысыты, сонымен қатар шешім шығарды. Бірінші орын Қарағанды қаласының мамандырылған жасағына берілсе, екінші орынды –Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №20 өрт сөндіру бөлімі иеленді.
«2015 жылғы үздік өрт сөндіру бөлімі» VI республикалық байқау-конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мәртебелі 3 орын жеңімпазы деп танылды.
Республика көлемінде мұндай жарыста үшінші орынды иемдену оңайға соққан жоқ. Тың ойлар мен жаңаша табыстарға жету - шынайы еңбек пен алғырлықты талап етеді.
«Үміткерлер арасындағы көрсеткіш сандары онша көп болмаса да, жеңіс барысында үлкен рөл атқарды», - дейді жарысқа қатысушы әріптесіміз Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Ж.Сунақов.
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы