ҚАЗАҚСТАНДА 1 СӘУІРДЕН БАСТАП ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИИСИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық өңірінде әскерге шықыру комиссиясы (медициналық) жұмысын бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасақтау басқармасының бастығы – ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет мерзімі бір жыл болып айқындалды. Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы – еліміздің мақтанышы болып отыр, ал әскери қызмет құрметті әрі беделді мамандыққа айналған.
«Қазақстан әскері аралас тәсілмен мерзімді және келісімшарт бойынша әскерге шақырылу арқылы жасақталады. Әскери қызметтің барлық салаларында әлемдік тәжірибеге негізделген жаңа әрі озық өзгерістер енгізілуде. Осындай өзгерістердің бірі жеке құрамды жасақтау және әскерге шақыру мәселелерін тыс қалдырмады. Мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі», - деді Өсербаев.
Республикадағы әскерге шақыру резервінің жеткіліктіболуы жас буынды анағұрлым сапалы іріктеуге мүмкіндік береді, іс жүзінде медициналық комиссияға келген дені сау, моральдық-психологиялық тұрғыдан даярланған 6-7 жігіттің ішінен тек біреуі ғана әскерге шақырылатындығын айта кеткен жөн.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке даярлау және шақыру үзіліссіз жүргізілетін процесс екенін айту керек. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелгеннен бастап оларды армияға шақырғанға дейінгі уақыт аралығында жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
Бұл ретте зерделеудің маңызды кезеңдерінің бірі – әскерге шақырылушының өзімен, оның ата-анасымен немесе ол тәрбиелеуінде болып табылатын азаматтармен, сондай-ақ әскерге шақырылушы жұмыс істейтін (оқитын) кәсіпорынның (оқу орнының) өкілдерімен жеке әңгімелесу тұрғысындағы жұмыс болып табылады. Әңгімелесу барысында олардың денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және отбасы жағдайына ерекше көңіл аударылады.
Медициналық куәландыруды жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылды. Бүгінгі әскерге шақырылушы наркотестілеуден өтеді, гепатитке, туберкулезді анықтау жөніндегі міндетті зертханалық тексеру бойынша талаптардың шеңбері кеңейтілген, сондай-ақ аурудың себептерін анықтау мәселелері қайта қаралды.