ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ҚАЛЫПТЫ НОРМАДАН ТӨМЕН БОЛАДЫ
Еліміздің басым аумағында антициклон ықпалынан күн ашық болады, тек республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, бұрқасындатады. Қазақстанның кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Наурыз айының соңында еліміздің басым аумағында қар жауып, боран болған еді, ауа температурасы жексенбі күні климаттық нормадан 6-14° градусқа төмен болды. Таяу күндері де республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шығыс өңірлерде бұрқасындатады. Ал Қазақстанның солтүстігі мен батыс облыстарында суық антициклон әсерінен ауа температурасы қалыпты нормадан төмен болады», - деп хабарлады «Қазгидрометтен».
Атап айтсақ, синоптиктердің болжамынша, Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында түнде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Павлодар облысында да жел соғады. Қарағанды облысында тұман түсіп, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, бұрқасындатады.