ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «ҚАЗЭНЕРДЖИ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«ҚазЭнерджи» қауымдастығының және «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығының бірқатар нысандарын аралады.
Кездесу барысында «ҚазЭнерджи» қауымдастығы мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтып өткендей, меморандум шеңберінде аймақтың жер қойнауын пайдаланушыларымен белсенді түрде жұмыс жасау жолға қойылатын болады. Меморандум қауымдастық пен облыстың жергілікті атқарушы билігінің күш-жігерін біріктіру арқылы мұнай-газ саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және осы сала бойынша кадрлар әзірлеуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын аймақ игілігіне қолдануға өз септігін тигізетін болады.