ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОСК ТМД-ДАН БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСУ БОЛДЫ
2015 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұловтың ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының жетекшісі Е.А.Слободамен кездесуі болды.
Кездесуге сондай-ақ Ортсайлауком мүшелері Т.В.Охлопкова мен М.А.Сәрсембаев қатысты.
Қ.Тұрғанқұлов Слобода мырзаны Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі жұмыспен таныстырды.
Талқылау барысында кездесуге қатысушылар сайлау науқанының кейбір ерекшеліктеріне, оның кезеңдеріне, Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттары мен тәртібіне, дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ сайлаудың қорытындыларын анықтау рәсімдеріне көңіл бөлді.
ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының жетекшісі, өз кезегінде, сайлауды байқауға қатысуға шақыру үшін ризашылығын білдіріп, ТМД кеңістігі мен одан тысқары сайлауды байқауда қомақты тәжірибесі бар Миссия байқаушыларының көпшілігі әділдік және алаламаушылық қағидаттарын бұрын да басшылыққа алғанын, қазір де басшылыққа алатынын атап өтті.
«ТМД-дан Миссия штабы жұмысқа кірісті. Біз өзіміздің өкілдерімізді республиканың барлық өңірлеріне жіберуге ниеттіміз. Біздің жоспарымызда - сайлауға қатысушы кандидаттардың өкілдерімен кездесулер өткізу. Біздің барлық іс-шараларымыз баспасөз-релиздерінде көрсетілетін болады. Миссияның негізгі міндеті – демократиялық сайлауды өткізуге жәрдемдесу және біз халықаралық байқаудың жалпыға танымал нормаларының шеңберінде жұмыс жасауға ниеттіміз», - деп атап көрсетті Слобода мырза.
Сондай-ақ ол алдағы сайлауды табысты өткізуге тілек білдіріп, қазақстандық тараптың байқауды ұйымдастыруға және өткізуге барлық қажетті жағдайлар жасағанын атап өтті.
Ортсайлауком Басшысы ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының жетекшісіне оның 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын халықаралық байқаушы ретінде аккредиттелгені туралы куәлік тапсырды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі