ОСК ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМНАН ТАҒЫ 153 БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ
Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымнан тағы 153 байқаушыны аккредиттеді
2015 жылғы 30 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша екі шет мемлекет пен екі халықаралық ұйымнан 153 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 144-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі – ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясынан, сондай-ақ үш байқаушы – Грек Республикасынан және біреуі Германия Федеративтік Республикасынан.
Осылайша, 2015 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД мен ШЫҰ) мен 19 шет мемлекеттен 236 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Комментарии 2