ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМНАН ТАҒЫ 48 БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ
Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымнан тағы 48 байқаушыны аккредиттеді.
2015 жылғы 28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тоғыз шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 48 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың төртеуі – Норвегия Корольдігінен, үшеуден - Австрия Республикасы мен Сербия Республикасынан, екеуден – Болгария Республикасы мен Литва Республикасынан, бір-бірден Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Венгрия, Латвия және Словакия Республикаларынан, сонымен қатар 18 мемлекеттен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 30 байқаушысы.
Аккредиттелген барлық байқаушыларға тиісті куәліктер беріледі.
Осылайша, 2015 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың екі Миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) мен 18 шет мемлекеттен 83 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі