ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН СУЫТЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында антициклон ықпалынан күн ашық болады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, шығысы мен орталығында күн жауын-шашынды, кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысында кей жерлерде күн жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 30 м/с-тен асады. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 17-22, кей жерлерде екпіні 28 м/с-ке дейін барады. Қызылорда, Қостанай облыстарында тұман түседі. Атырау облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Павлодар облысында тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында жел соғып, бұрқасындатады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады.
Бұған қоса, еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды. 30 наурыз күні Алматы облысында қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 13 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градус суық болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23 м/с-ке дейін жетеді, таулы асуларда екпіні 30 м/с-тен асады, түнде сынап бағанасы 3-8 градус аязды көрсетеді. Сондай-ақ республиканың бірнеше өңірінде күн райының нашарлауына байланысты жол жабылды.