КӨКТЕМ МЕРЕКЕЛЕРІНДЕ BEELINE АБОНЕНТТЕРІ 290 МЫҢ ГИГАБАЙТТАН АСТАМ ИНТЕРНЕТ-ТРАФИК ТҰТЫНДЫ
Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамында Beeline Қазақстанның абоненттері рекордты көлемдегі интернет-трафик – 290 мың гигабайттан астам интернет-трафик тұтынды. Қоңыраулар мен SMS-хабарламалар саны жылдан жылға қысқаруда.
7-8 наурызда, сондай-ақ 21-22 наурызда Beeline абоненттері 127 млн. астам қоңырау соғып, 190 млн. минут сөйлесті – бұл өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 8%-ға төмен. Ең көп қоңырау соғылған уақыт 8 наурыз күні сағат 11-де болды - 5 527 176.
SMS түріндегі құттықтаулардың саны 11 миллионды құрады – бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34%-ға төмен. Бір қызығы, Халықаралық әйелдер күнінде жолданған SMS-хабарламалардың саны Наурызға қарағанда 2,5 есеге жоғары болды.
Статистикалық мәліметтер, Beeline абоненттерінің мобильді интернет қызметтерін көп қолданатынын көрсетті. Қоңыраулар мен SMS-хабарламалардың танымалдылығы төмендеп, олардың орнын WhatsApp пен Viber мессенджерлері белсенді түрде алмастыруда. Мысалы, 8 наурызда WhatsApp-ты қолдану әдеттегі тәуліктік көрсеткішпен салыстырғанда 76%-ға артса, ең тарфик көп пайдаланылған уақыт таңғы 11 болды.
«Қазір ең танымал құттықтау түрі – мессенджер немесе әлеуметтік желі арқылы жолданған электронды ашық хат. Мессенджерлердің танымалдылығы артқан сайын, мобильді интернет қызметін қолдану өсе түседі. Біз керемет мәліметтер алдық – өткен жылмен салыстырғанда интернет-трафикті тұтыну 50%-ға өсті. Тек бір күнде – 8 наурызда – жолданған мәліметтер көлемі 73 000 ГБ-тан асты. Бұл шамамен 480 миллион электронды ашық хатқа тең», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз ойымен бөлісті.