ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ
Қызылордада қалалық жедел жәрдем станциясы салынады. Бұл туралы сәулет-қала құрылысы кеңесінде мәлім болды. Нысанның эскиздік жобасымен қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Я.Шорабаев таныстырды.
Бұл ғимаратты «Астана» мөлтек ауданына салу жоспарланып отыр. 3 қабаттан тұратын нысанда жанында 24 санитарлық реанимобильге арналған гараж және көлікті жөндеу шеберханасы орналасады. Аумағы толықтай абаттандырылып, көгалдандырылады және жаяу жүргіншіге арналған плиткалар төселеді. Ғимаратты тұрақты түрде электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы кернеулі электр генератор мен кіші қазандық орнатылмақ.
Жедел жәрдем станциясында 4 ауысым бойынша 110-120 қызметкер тәулік бойы жұмыс жасайтын болады. Ғимараттың бөлмелері заманауи технологияларға ыңғайлы етіп салынады. Сонымен қатар, мұнда 40 бригада бір мезетте қызмет көрсете алады.
Станция толықтай бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етіледі. Тиісті органдардан рұқсат беру құжаттары мен қорытындылар, сондай-ақ техникалық шарттар алынған.
Кеңес отырысында жедел жәрдем станциясының эскиздік жобасы мақұлданып, аймақ басшысы Қ.Көшербаев жоба-сметалық құжаттың мерзімінде әзірленуін тиісті сала мамандарына тапсырды.
Сондай-ақ, кеңес отырысында Желтоқсан көшесінің бойынан 32 пәтерлі 5 қаббатты үй кешенін «Ремпассажирвагон» өндірістік корпоративінің жеке қаржысы есебінен салынатындығы айтылды. Жоба бойынша тұрғын үй кешені толықтай орталықтандырылған инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Облыс әкімі эскиздік жобаның мақұлданғанын айтып, құрылыс жұмыстарын уақытылы бастауға тиісті сала басшылары ықпал етуді тапсырды.