ТӨРЕТАМ МЕН АҚАЙДЫҢ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА
Биыл Ақай ауылында балабақша мен мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Қазір Ақай ауылында 3-6 жас аралығындағы 300-ге жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл мәселе жаңадан салынып жатқан 280 орындық балабақша құрылысы аяқталған кезде толықтай шешілетін болады. Құрылыс жұмыстарымен аймақ басшысы Қ.Көшербаев Байқоңыр қаласына сапары барысында танысты.
Құрылыстың бас мердігері «Болашақ-Құрылыс» ЖШС. Балабақша үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Ақай ауылының халық санының өсу динамикасын ескере отырып, балаларға қолайлы жағдай және сапалы білім беру мақсатында 600 орындық мектеп құрылысы салынуда. Қазір қолданыстағы білім ошағы 320 балаға арналған. Бірақ мұнда 875 оқушы білім алып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, екі мектепте де оқушылар бір ауысымда оқитын болады. Түстен кейінгі уақытта түрлі үйірмелер жұмыс жасамақ.
Төретам және Ақай елді мекендерінің және Байқоңыр қаласының әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыруда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы «Барыс» сауда орталығы ашылды. Бүгінде мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, нарық бағасынан арзан бағада өнімдер сатылуда.
Екі жыл бұрын Төретам кентінде 600 орындық №269 мектеп ашылған. Өткен жылы алғашқы түлектері ҰБТ-дан орташа 65 балл жинады. ҰБТ көрсеткішін жоғарылату мақсатында Қармақшы ауданының 131 оқушы Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагерінің базасында тестке дайындықта болса, соның 6-уы осы мектептің оқушысы. Биыл мұнда 12 оқушы мектеп бітіреді. Соның 11-і ҰБТ-ға қатысады. Айта кетейік, бұл білім ошағы салынғанға дейін оқушылар теміржолдың арғы бетіндегі мектепте үш ауысымда қатынап оқыған болатын. Аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектерге дайындықты күшейте түсу қажеттігін айтып, сынақты сәтті тапсыруларына тілектестігін білдірді.
Аймақ басшысы сапар барысында «Достық саябағында» болды. Саябақ ішінде тағзым аланы орналасқан. Облыс әкімі Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысып, Ақай ауылының және Байқоңыр қаласының қаласының тұрғындарымен кездесті.