ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕГІН БЕРІЛЕДІ
Үстіміздегі жылы 635,9 млн теңге қаржыға аймақтағы эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ветеринарлық шаралар толық атқарылатын болады. Осы және өзге де мәселелер жөнінде бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық ветеринария бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.
Сонымен қатар, жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмекке бюджеттен 148,4 млн теңге бөлінген.
«Бүгінгі күні барлық аудандар мен Қызылорда қаласына ветеринарлық препараттар тасымалданып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Сарып індетіне қарсы 21,5 мың бас МІҚ, 22,2 бас уақ мал тексеріліп, 10 бас ауру уақ мал анықталып отыр. Аталған ауру малдар ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес сойылуда», - дейді Ерсұлтан Апетов.
Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша қолданысқа енгізілген жаңа ережерге сәйкес сырға, ветеринарлық паспорт тегін беріледі. Бұл шаруалар үшін үлкен жеңілдік болып отыр.
Фариза ОМАРОВА