АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
Қызылорда облысында әлеуметтік және еңбек қатынастарын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы штаб өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Өмірзақ Елеусінов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте аудандағы дағдарысқа қарсы шаралар барысымен таныстырды.
Ө.Елеусіновтың хабарлауынша, ауданда жұмыссыздық деңгейі едәуір төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап, 0,4 пайызға төмендеген. Ауданда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ай сайын өткізіледі. Өткен жылы өткізілген жәрмеңкеге 84 жұмыс беруші қатысып, ұсынылған бос жұмыс орындарына 165 жеке тұлға жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар өткен жылы 72 мүмкіндігі шектеулі тұлға жұмыссыз ретінде тіркелді. Оның 44-і мүмкіндігіне қарай тұрақты жұмысқа орналасты.
«Ағымдағы жылы аудан әкімінің «Жалағаш ауданы бойынша дағдарысқа қарсы күреске арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Аталған іс-шара қаржылық, әлеуметтік, экономиканың нақты секторын дамыту, қатаң бюджеттік саясатты жүргізу секілді 4 бағыттан тұрады. Дағдарысқа қарсы штабтың ай сайынғы отырысында әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу, азық-түлік және өндірістік тауарларына, көрсетілетін қызметтерге бағаның өсуіне жол бермеу, жалақыға қарыздарды төмендету, халықты жұмыспен қамту туралы мәселелер қаралады», - деді Өмірзақ Елеусінов.
Шынар БЕКБАН