"ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП" БАСШЫСЫ НҰРЛАН ҚАППАРОВ ПЕКИНДЕ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров Пекинде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап.
Ол Пекинге ресми делегацияның құрамында барған болатын. Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері және жасыл экономиканы дамытудың барлық мәселелері Энергетика министрлігіне, ал балық шаруашылығы, су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетінін айтқан болатын.
"Нұрлан Қаппаров, өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады. Бар, мен саған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын", - деді Президент оған. Қаппаров бұған бірден келісті, "Қазатомөнеркәсіп" қызық болар еді", - деді ол.
Нұрлан Қаппаров - Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін "Акцепт" корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания", "Казахойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғам¬дарының президенті болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған. 2003 жылдан "Ланкастер групп Казахстан" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ал 2012 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi қызметін атқарды. Айта кетейік, ол 2014 жылдың 7 тамызынан бері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарып келді.