ЕЛІМІЗДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР
Елімізде заңсыз балық аулауды кәсіп еткендердің жолын кесу мүмкін болмай отыр. Браконьерлердің материалдық және техникалық жабдықталуы балық инспекциясының мүмкіндіктерінен әлдеқайда жоғары. Бұл жөнінде балық шаруашылығы комитетінің төрағасы айтты.
Қанат Мұсапарбеков, ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы:
Тез жүретін кемелер, тез жүретін катерлердің аздығы рас. Ол бойынша 2016 жылдың бюджетінде қаралды. 50 миллион теңгеге келесі жылы тез жүретін катерлер, оның үстіне басқа біздің балық қорғайтын мекемелер бірлесіп алған кемелері келешекте браконьерлікпен күресте, браконьерлерді жоюда негіз болады.
Елімізде балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бекіре өсіретін 2 зауыт жыл сайын Жайық өзеніне 7 миллион дана бекіре тұқымдас балық жібереді. 2030 жылға дейін олардың санын 30 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшысы Хайдар Ферсой Қазақстандағы балық шаруашылығының әлеуетін жоғары бағалап отыр.
Хайдар Ферсой, БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшысы:
Басты мақсатымыз - заңды түрде балық аулауды жоспарлау мен көбейтуде жаңа технологияларды Қазақстан жағдайында қолдану арқылы, саланы жақсарту. Біз балық зауыттарының акцияларын ұстаушылардың мүддесін көздейміз. Бұл саланы экономикалық пайда көзіне айналдыру қажет.