2018 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҮШ АУЫСЫМДАҒЫ ЖӘНЕ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛАДЫ
Үш жылда Қазақстанда үш ауысымдағы және апатты мектептер мәселесі түбегейлі шешіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.
«2014/2015 оқу жылында республиканың 99 мектебінде сабақтар үш ауысымда жүргізіледі. 136 мектеп апатты болып табылады. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып Ұлттық қор қаржысы есебінен апатты және үш ауысымды мектептердің орнына құрылыс салу қажеттілігі бар оқу орындарының санын анықтады. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 61,9 млрд. теңге бөлінген», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылға - 14,3 млрд. теңге, 2016 жылға - 23,9 млрд. теңге, 2017 жылға - 24,5 млрд. теңге қарастырылған. Құрылыс жоспарланған мектептердің тізімі қалыптастырылды. Ұлттық қордан республиканың 12 өңірінде 73 мектеп салынады. Мұнымен қоса, республикалық және жергілікті бюджет есебінен бірқатар мектептің құрылысы жүзеге асырылады.
«Жалпы осы бағыттағы шаралар 2018 жылға қарай үш ауысымдағы және апатты мектептерді жоюға, мектепке дейінгі ұйымдардың орнын толтыруға, сондай-ақ бұл мәселелерді түбегелі шешуге мүмкіндік береді», - деді Е. Иманғалиев.