ӘЛЕУМЕТТІК ПОЙЫЗДАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Конституциясының 20-жылдығына арналып Астанадан «Менің Қазақстаным» пойызы сапарға шықты. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресми сайты жазды.
Акцияны ұйымдастырушылар республика жұртшылығының арасында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басты міндеттер мен «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық стратегиясының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысады.
Акция барысында жергілікті тұрғындарға қаржылық және әлеуметтік, денсаулық кеңестері беріліп, спорттық-мәдени шаралар өткізіледі.
Бұл күні Астана станциясынан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы аттанды. Әлеуметтік пойыз шалғай станциялар мен жол айырықтарындағы тұрғындарға білікті дәрігерлік көмек көрсетеді. Мыңдаған адамдар дәрігерлік тексеруден өткізілсе, емдеу, шағын оташылық пен медициналық кеңес түрлері қамтылады.
Осы күні Алматы мен Ақтөбе станцияларынан да оңтүстік және батыс бағдарларға «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары шығады.
Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың бастамашылығымен республика жұртшылығына медициналық көмек көрсету мақсатында «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қатысуы – компанияның әлеуметтік жауапкершілігін растайды.
-Арнайы пойыздарды ұйымдастыру шалғай станция мен жол айырықтарындағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету, Ұлттық компанияның бұлжымас дәстүріне айналған,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ соңғы жылдары шалғай станция тұрғындарына көмек көрсететін арнайы мамандандырылған медициналық пойыздарды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
«Денсаулық», «Жәрдем». «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойыздары соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтылған. 2010 жылдан бері бұл пойыздар шалғай өңірдегі 3,4,5-ші сыныпты 832станцияда қызмет көрсетті.
Осы өңірлерде медициналық қызметкерлердің қабылдауында 1400 мың адам болды. Оның 200 мыңы дәрігерлік көмекке жүгінді. 374 мың адам медициналық және зертханалық сараптаудан өткізілді. Екі мың шағын оташылық қызмет көрсетілді. 57 мың адам стоматологиялық емдеу қабылдады.
Биылғы жылы медициналық пойыздар ел аумағындағы 150 станцияны қамтуды жоспарлап отыр.