ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ НЕСИЕ АЛУҒА КЕПІЛДЕНДІРУ КЕЛІСІМ-ШАРТТАРЫНЫҢ САНЫ БОЙЫНША АЛДЫҒА ШЫҚТЫ
2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы еліміздің барлық аймақтарының арасында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жартылай кепілдендіру жобасын іске асыру бойынша бірінші орында орналасты. Жыл басынан бері облысымыз еліміздің басқа өңірлерінен алдыға озып шығып, кепіл тапшылығына жолыққан шағын және орта бизнес өкілдерінің қолын екінші деңгейлі банктерден несие алуға жеткізетін кепілдендіру келісім-шарттарының саны бойынша алдыға шықты.
Аймақта жеке кәсіпкерлік субъектілер санының төмен болуына қарамастан, потенциалды қатысушылар бағдарламасының кешенді қамту бағыты бойынша Қызылорда облысы облыстар арасынан озық шығып тұр.
Күн өткен сайын екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуде кепіл мүлкі жетіспеу мәселесін шешуге мүмкіндік беретін бөлшек кепілдендіру құралы кәсіпкерлер арасында аса танымал болып келеді. ЕДБ бірлесе қабылданған тиімді несие құралдары бастауыш кәсіпкерлерге 70%, ШОБ-те жұмыс жасаушы кәсіпкерлерге 50%-ға дейін Даму Қорының кепілдендіруін алуға мүмкіндік береді. «БЖК2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсету кешенді болып табылады. Өйткені ШОБ кәсіпкерлері тек кепілдендіру құралы бойынша көмек алып қана қоймай, сонымен қатар несиелерінің пайызын субсидиялау арқасында төмендете алады. Осы қолдаулардың барлығы аймақта шағын және орта бизнестің дамуына және экономикалық ахуалын жақсартуына да оң әсерін тигізеді. Бизнестің дамуына мемлекеттің қолдауы араласқалы бері БЖК2020 бағдарламасы аясында мыңдаған жұмыс орны сақталды және тұрғындар жаңа жұмыстармен қамтылды.
Cондай-ақ, «Мир-2001» ЖШС, ЖК «Махашев» және ЖК «Агатаев» компанияларымен кепілдендіру бойынша кезекті келісім шарттары жасалды.
«Мир-2001» ЖШС-нің директоры Сейфулла Ажмолдаев «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан Даму Қорының 42 % кепілдендіруі арқасында несие рәсімдеп, жеңіл және ауыр бетон бұйымдарын, оның ішінде блоктар, брусчатка мен бордюр тастарын шығаратын цехына дайын өнімді кептіруге арналған соңғы үлгідегі қондырғы сатып алуды жоспарлап отыр. Қармақшы ауданында табысты жұмыс жасап келе жатқан компания құрылыс материалдарын шығару өндірісін қолға алғалы бері ондаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, «Мир-2001» ЖШС таза ауыз су мен пластикалық өнімдерді де шығарады. Компанияның бірнеше жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тауып, мемлекет көмегімен компания өрісін кеңейтіп келеді.
«Даму» кәсіпкерлікіті дамыту қоры» мемлекет қолдауы аясында 50%-дық кепілдеме беруге оң шешімді жеке кәсіпкер Ерғали Агатаевтың жобасын жүзеге асыруға мақұлдады. Аталған кәсіпкер де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Өнім өндірумен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бағдарламасы бойынша 6% үстемемен несие рәсімдеуді жоспарлауда. Несие қаражатына тамақ өндірісіне қажет қондығы сатып алынады деп күтілуде. Цехта шығарылатын өнімнің негізгі түрлері қатарында тұшпара, котлет және нан өнімдері бар. Сонымен бірге, он жылдан астам уақыттан бері бизнеспен айналысатын жеке кәсіпкер өз қаражатына цех жұмысына қажет шикізат пен дайын өнімді тасымалдап жеткізуге арналған автокөлік сатып алуда.
Қызылорда қаласында ең алғашқылардың бірі болып наркологиялық клиника ашқан жеке кәсіпкер Бақыт Махашев, мемлекет қолдауымен бизнесін кеңейту мақсатында ғимарат сатып алуға қол жеткізгелі отыр. Оның медициналық клиникасының негізгі жұмыс бағыты - қазіргі таңда өзекті проблемалардың қатарындағы алкоголизм және темекіге үйір болуды емдеу болып табылады.
Барлығы Қызылорда облысы бойынша жалпы құны 1,64 млрд.теңге болатын 58 кепілдендіру келісім шартына қол қойылды.