«КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан өңіріміздің кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «дөңгелек үстел» шарасы өткізілді.
Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Оразали Елбасымен белгіленіп отырған міндеттердің бірі – кәсіпкерлік саласын дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңсыз тексерулерді болдырмау болып табылатындығы себепті, осы тұрғыда өңірімізде жүзеге асырылатын шаралар шеңберін белгілеу қажеттілігін атап өтті.
Одан соң сөз алған Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Қ.Датқабекова кәсіпкерлермен тығыз байланысты орнату тиімділігін атап өтіп, заңсыз тексерулердің алдын алу бағытында Құқықтық статистика органдарымен бірлескен жұмыстарды жүргізу туралы ұсыныс білдірді.
Өз ретінде, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Имандосов тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру қажеттілігін атап өтті.
Шара қорытындысымен өзара бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, ағымдағы жыл бойына атқарылатын жұмыстар шеңбері белгіленді.