ҚЫЗЫЛОРДАДА ШОБ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Қызылордада болашақта жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында шағын және орта бизнестің көрме орталығы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жоспар бойынша, жаңа орталықта тренинг өткізу, келіссөздер жүргізу мүмкіндігі болады, былайша айтқанда, кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі жайлы аймақ құрылады. Серіктес іздеп жүрген кез келген бизнесмен бұл орталық қабырғасында не өндіріп не жоспарлап жүргенін толығымен көрсете алады. Сөйтіп дәл осы жерде келісімшарт бекітіп, келісімді рәсімдеу дұрыстығы туралы сұрақтары болса, заңгерлердің көмегіне жүгіне алады», - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Телман Сүлейменов.
Оның ақпаратынша, қазір Арал маңы өңірінде ауылдық тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.
Қазақстан Президенті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өткен еді.