ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Үш кандидат - қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы Әбілғазы Құсайынов - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ұсынылды, - деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
25 наурызда Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткерлерді тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы үміткер ретінде Лимана Қойшиеваны, Қанат Тұрагелдиевті, Жарылқап Қалыбайды және Хасен Қожа-Ахметті тіркеуге арналған барлық қажетті құжатты өткізбегені үшін тіркеуге қабылдаудан бас тарту туралы шешім шығарды. Осыған дейін өзін-өзі ұсынған осы азаматтар қазақ тілінен емтиханды сәтті тапсырып, қол жинау қағазын алған еді.
Қазақстан президенттігіне сайлауға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 наурызда аяқталған болатын. ОСК хатшысы Бахыт Мелдешовтың айтуынша, 16 желтоқсанға дейін Орталық сайлау комиссиясында 27 өтініш болған.
Орталық сайлау комиссиясы осыған дейін үш үміткерді тіркеген болатын - қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықовты, өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты.
Осылайша 26 наурызда тіркелген үш үміткердің сайлауалды насихат жұмыстарына кірісуге құқығы бар.
Отырыста Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткерліктің республикалық бюджеттен бөлінетін шығынын бекіту туралы қаулы қабылданды. Әр үміткерге теледидардан 15 минут сөз сөйлеуге, радиодан 10 минут сөз сөйлеуге, сонымен қатар, басылымдарда көлемі 0,1 баспа табағынан аспайтын екі мақаланы жариялауға қаржы бөлінеді.
ОСК өкілдерінің айтуынша, үміткерлерге БАҚ-тарда сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізу үшін бөлінетін соманың ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ұсынған бағалауы бойынша есептелді.
"Теледидар алдында бағдарламамен 15 минут сөз сөйлеуде үміткерлерге 5 25 000 теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Радиодан 10 минут уақыт бойы сөйлеу үшін әр үміткерге 200 мың теңге беріледі. Басылымдарда екі мақала жариялау үшін әр үміткерге 810 мың теңге бөлінеді. Сонымен қатар, үміткерлерге сайлаушылармен кездесетін орынды жалға алуға 200 мың теңге, басылып шығатын насихат материалдары үшін 250 мың теңге бөлінеді. Тағы 300 мың теңге тіркелген үміткерлерге жол жүруге беріледі", - деді ОСК өкілдері.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.