ЖАПОНИЯ ЭКСПО-2017-ГЕ ҚАТЫСАТЫНЫН НАҚТЫЛАДЫ
22-23 наурыз күндері ҚР СІМ орынбасары, Халықаралық көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған делегация Токиоға арнайы сапармен барды, деп хабарлады khabar.kz.
Елімізде өтетін ЭКСПО-2017-ге қатысатын кезекті мемлекеттің бірі Жапония болды. Қатарға жиырмасыншы болып қосылған күншығыс елінің үкіметі таяуда өз павильондарын әзірлеуге кірісе бастады. Халықаралық көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Токиоға арнайы сапармен барып, Қазақстан Президентінің ресми шақыруын табыс етті. Жапония үкіметі өз павильонының тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Жоғары жетістіктерінің бірі ретінде «Тойота» мен «Митцубиси» сынды автоөндіріс алыптарының жұмысы таныстырылмақ.
«Әзірге нақты тұжырымдама жасау турасында 3 мәрте келелі кеңес құрдық. Өнертабыс тақырыптары іріктелуде. Солардың бірі ретінде сутекті энергетиканы дамыту жобасын іріктеп қойдық. «Болашақ энергиясы» Жапония үшін «жасыл экономикадағы» жетістіктерін тағы бір мәрте әйгілейтін көрме болмақ. Оған Үкімет өкілдерімен қатар іскер топтар да қатысуға ынта білдіріп отыр, - деді Жапонияның экономика, сауда және индустрия вице-министрі Норихико Ишигуро.