АНТ МҮШЕЛЕРІ САЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің қызметкерлеріне «Зайырлы қоғам: дәстүр мен діннің қарым-қатынасы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы, теолог Б. Арынов «Ислам құндылықтары» тақырыбында кеңінен айтып, шариғат үкімдерінің салт-дәстүрге қарсы еместігі, керісінше оны қолдайтынына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымының магистрі, дінтанушы Б.Оспанов «Зайырлы қоғам: дәстүр мен діннің қарым-қатынасы» баяндама жүргізді. Баяндамада зайырлы қоғам жөнінде, дәстүр мен діннің қарым-қатынасы және дәстүрлі емес діни ұйымдарының пайда болуы, дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері жөнінде айтылды.