НАУРЫЗ – ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ, ІЗГІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ
№9 Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты Наурыз мерекесі Қазақстан халықтарының ассаблеясының құрылғанына 20 жыл толу мерейтойымен орайлас келгендіктен "Наурыз – достық пен татулықтың, ізгіліктің мерекесі" тақырыбында іс-щара өткізілді.
Іс-шара барысында әр сыныпқа бөлініп берілген ұлттардың дәстүрі, өнері дәріптеліп, ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты. Мерекелік көңіл-күймен өткізілген іс-шарада ата-аналар оқушыларға халқымыздың достық, халықтар бірлігінің мағынасын терең түсіндірді. Осынау игі мерекеде оқушыларымыздың білім сайыстарында алған жүлделерін мақтанышпен атай аламыз.
Облыстық пәндік олимпиададан 15 оқушы, облыстық ғылыми жобадан 16 оқушы, Оңтүстік Кореяда өткен "Жас ғалым" халықаралық ғылыми жоба конкурсынан 2 оқушы жүлдегер атанды. Азия-Тынық Мұхит математикалық олимпиадасы, Халықаралық "Жібек жолы" математикалық олимпиадасынан 3 оқушы жүлделі оралды. Яссауи Университеті олимпиадасына қатысқан 1 оқушы жүлделі 2-орын алып, оқу грантына ие болды.
№9,10 Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаттары оқушылары білім сайыстарында жеңіске жетіп, облыстың білім саласындағы көрсеткіштерін жоғарылатуға үлес қосып келеді. Дарынды балалардың сапалы білімінің нәтижесінде Орал қаласында 2015 жылы 11-21 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиададан табысты оралды. Жалпы облыстан 25 оқушы олимпиадаға қатысқан болатын. 10 оқушы жүлделі орындар иеленді. Оның 8 оқушысы ер балалар лицейінен, 2 оқушысы қыз балалар лицейінен.