С.ӨМІРЗАҚОВ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ ЛАУАЗЫМЫНА АУЫСТЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Сағынбек Өмірзақовты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына ауысуына байланысты жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев, облыс әкімдігінің аппарат басшылығы, департаменттер мен басқармалар басшылары қатысты.
Салтанатты шығарып салу жиынында облысы әкімі Қ.Көшербаев С.Өмірзақовтың төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін, Департаменттің жаңа ғимаратқа ауысып, төтенше жағдайлар саласы қызметінің жетілдірілгенін, білікті басшы бола білгенін, осы қызметтері үшін 2013 жылы Елбасының Жарлығымен «Айбын» ІІ дәрежелі орденімен марапатталғанын да мақтанышпен атап өтті. С.Өмірзақовқа Сыр еліне сіңірген зор еңбегіне, адал қызметіне алғыс білдірді, өзіне, отбасына амандық, алдағы қызметіне биік абырой тілеп, облыс әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасады.
Жиын соңында өртке қарсы қызмет полковнигі С.Өмірзақов облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына, жиынға қатысушыларға, жалпы Сыр жұртшылығына өзінің алғысын білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы