ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЗ СУ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛМЕК
«Қызылорда су жүйесін» толығымен автоматты басқару жүйесі бар энергия үнемдейтін технологияға ауыстыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Қызылордада сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс басталып кетті. Осыған орай, ТЭН жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еуропалық Қайта құру және даму банкінің облыс бюджетімен бірлескен қаржыландыру шарттары бойынша аталмыш жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін жаңғырту үшін 15,5 млн доллар жұмсалмақ. ЕҚДБ 10 млн доллар бөледі, қалғанын аймақ табады.