ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕМІР ЖОЛ БОЙЫНДА МҰНАЙ ТӨГІЛУ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ №9 өрт сөндіру қызметтерінің қатысуымен мұнай төгілу апаты зардаптарын жою бойынша оқу – жаттығуы өткізілді.
Жоспар бойынша Қызылорда қаласынан 25 шақырымда орналасқан «Қараөзек» темір жол стансасында жүк тасымалдау поездының оншақты вагоны дұрыс жалғанбауы салдарынан ажырап кетті.
Мұнай өнімдерін тасымалдау вагонының құйып-төгу шүмегінен мұнай төгіледі. Мұнай 100 шақырым аумаққа төгілген.
Оқу–жаттығудың мақсаты – басқарма қызметтерінің бір–бірімен өзара бірлесіп жұмыс жасай білуі, мұнай төгілу апаттары зардаптарын жоюға арналған күштер мен құралдарды жұмылдыру, байланыс қызметтерін ұйымдастыру, апаттық жағдайларға комиссия құру және хабарлауды ұйымдастыра білуге үйрету болды.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі О.Жұмабеков өткізілген іс–шараға оң баға берді.
«Апатты» жоюға Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінен 4 бірлік техника мен өрт сөндіру бөлімшесі жеке құрамынан 18 қызметкер қатыстырылды.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ