ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТЕ 6 МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің отырысы болып өтті. Онда 6 мәселе қаралды.
1 мәселемен Тәртіптік кеңесте ҚР ДСжӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің конкурстық комиссия мүшелері Т.Мырзахметова, С.Сейдахметов, А.Маханова, Ф.Едигеева, Р.Кукеева және М.Жумагалиеваның тәртіптік істері қаралды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне) орналасуға конкурс өткізілген.
Аталған конкурста конкурстық комиссия мүшелері «Е-5» санаты бойынша тестілеуден өткен А.Сейтимованың сертификаты С-О-6 санаты лауазымына жарамсыз екендігіне қарамастан, Департамент басшысына А.Сейтимованы негізсіз тағайындауға ұсынған.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе,
2 мәселемен Жанақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі А.Шерниязовтың тәртіптік ісі қаралды.
Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі А.Шерниязов Қыркеңсе ауылындағы «Іңкәр ай» балабақшасының меңгерушісі лауазымына конкурс бойынша біліктілігі сәйкес келмейтін М.Ахмедованы тағайындап, кейін прокуратураның ұсынысы негізінде оны тағайындау туралы өкімнің күшін жойған.
Алайда, оны қызметінен босата отырып, сол лауазымға уақытша міндетін атқарушы етіп заңнама талаптарын бұза отырып қайта тағайындаған.
Сондай-ақ, аталған лауазымға конкурс жариялауға байланысты, конкурс өткізу рәсімдерін заңға қайшы созбалаңға салып, өз құзіретіне кіретін мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзған.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе,
3 мәселемен Жалағаш аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы Ә.Бақтыбаевтың тәртіптік ісі қаралды.
«Жалағаш аудандык ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен дара кәсіпкерлер «Баймаханова Айымкүл» мен «Угесбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын сақтамай, Ә.Бақтыбаев өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзған.
Алайда, Ә.Бақтыбаевтың жоғарыда көрсетілген әрекетінде өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзып, таңдау жолымен шешім қабылдау ретінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтар байқалғанмен, олардың жасалуы бір жылдан асып кеткені анықталды.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе,
4 мәселемен Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы бөлінінің полицейі К.Сыздыковтың тәртіптік ісі қаралды
Қызылорда облысының ІІД-нің ӘПБ-ның қызметкері К.Сыздыков өз қызметін атқару барысында функционалдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, заңмен белгіленген шектеулерді бұзу арқылы өзінің мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кездерінде қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзғаны және өз қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз ақша жинау әрекеттері арқылы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 2, 10 тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға жол берген.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе,
5 мәселемен Тәртіптік кеңесте Қалалық білім бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) басшысы М.Аралбаевтың тәртіптік ісі қаралды.
Бөлімінде 2014 жылда түскен азаматтардың өтініштерін қарау барысында мерзімдерін сақтамағандығы және Бөліммен балаларды балабақшаға жолдау кезектілігі мүлдем сақталмай, балабақшаларға жолдама алуға бұрын тіркелген балаларға жолдама кезек реттілігімен берілмей, Бөлім тарапынан басқа жасөспірім балалардың құқықтары өрескел бұзылуына жол берілген.
Сонымен қатар, Бөлім басшысы М.Аралбаев өз өкілеттігінде көзделмеген бұрыс әрі толық емес ақпарат бергендігі анықталған.
Яғни, Бөлім басшысы М.Аралбаев өз әрекеттерімен ҚР Президентінің 03.05.2005 жылғы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасы қағидалары) 2 бөлімінің 5 тармағының 1, 3 тармақшаларында және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 бөлігінің 4, 7, 10, 12 тармақшаларында көзделген талаптардың бұзылуына жол берген.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе,
6 мәселемен Тәртіптік кеңесте Сырдария ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы К.Куандыковқа тәртіптік ісі қаралды
Сырдария ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы К.Куандыков 2014 жылы ақпан – наурыз айлары аралығында Тереңөзек кенті әкімі лауазымын атқарған уақытында, 27.02.2014 жылы Р.Ибрагимовтың 25.02.2014 жылғы өтінішіне келісім беру өкілеттігі болмағанына қарамастан, оған негізсіз мемлекетке қайтарылуға жататын, оның (Р.Ибрагимов) өз бетінше иеленіп алған мемлекеттік жалпы көлемі 1,8 гектар жер учаскесін ары қарай негізсіз пайдалануына арнайы жауап хатпен жол беріп, оған өзінің жұмысын ары қарай жалғастыруына заңсыз мүмкіндік бере отырып, заңдарда көзделмеген артықшылық көрсетіп, 07.03.2014 жылына дейін, өзі жұмыстан шыққан күнге дейін осы ұсыныс бойынша әрекетсіздік танытып, Р.Ибрагимовтың табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсеткен.
Тәртіптік кеңес хатшылығы